
Алматыда 6 маусымнан бастап №134 және №140 екі жаңа автобус бағыты қатынай бастайды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі қалалық Жол жүрісін ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасына сілтеме жасап.
Әкімдіктің мәліметінше, бағыттарға жеке тасымалдаушы «NomadBus» ЖШС қызмет көрсетеді, күн сайын желіге Yutong маркалы 23 автобус шығады. Басқармада бұл көлікті «электрлік 12 метрлік төмен табанды автобустар» деп сипаттайды.
Әрбір автобустың сыйымдылығы 90 жолаушыны құрайды, бұл жұмыс уақытындағы жоғары жолаушы ағынына тиімді қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Жылжымалы құрам жайлылықтың жоғары деңгейімен, сыйымдылығымен, жүріс тегістігімен ерекшеленеді және қауіпсіздік пен экологиялық тазалықтың заманауи талаптарына сәйкес келеді, — деп уәде етеді әкімдік.
Сондай-ақ бағыттардың іске қосылуы тасымалдаушының жеке инвестициялары, ЖШС-тің меншікті қаражаты есебінен және қалалық бюджет қаражатын пайдаланбай жүзеге асырылғаны атап өтіледі.
№134 бағыт Алматы-1 вокзалын «Автостанция» соңғы аялдамасымен байланыстырады. Бағыттың ұзындығы 39,7 км құрайды. Автобустар күн сайын сағат 05:50-ден 23:00-ге дейін қатынайды.
№140 бағыт «Райымбек батыр» метро станциясын «Горный гигант» шағын ауданының соңғы аялдамасымен байланыстырады. Бағыттың ұзындығы 18,4 км құрайды. Автобустар күн сайын сағат 05:55-тен 23:00-ге дейін қатынайды.
Дереккөз: Nur.kz