Алматыда 30 шілдеден бастап №58 автобус бағытының қозғалыс схемасы уақытша өзгереді, бұл Яблочков көшесінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Шектеулер «Алматы электр станциялары» АҚ (Б. Оразбаев атындағы ЖЭО-1) Яблочков көшесінің Шамиев көшесінен Ермак көшесіне дейінгі учаскесінде жүргізетін жөндеу жұмыстарына байланысты. Жөндеу жұмыстары кезінде №58 автобус өзгертілген схема бойынша жүреді: солтүстік бағытта: Бұлқышев көшесі – Қазыбаев көшесі – Рысқұлов даңғылы (шығыс бағытта) – одан әрі әдеттегі бағыт бойынша; кері бағытта: Рысқұлов даңғылы (шығыс бағытта) – Қазыбаев көшесі (оңтүстік бағытта) – одан әрі қолданыстағы схема бойынша.
Дереккөз: Inalmaty.kz
