...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы жастары комьюнити-орталықтарға қаншалықты жиі барады?

Биылғы жылдың басынан бері Алматыдағы 12 жастар комьюнити-орталығына 344 мыңнан астам жас алматылық келген. Олар кеңес алып, білім беру, шығармашылық, экологиялық және қоғамдық жобаларға қатысқан, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық Жастар саясаты басқармасының мәліметінше, 980-нен астам іс-шара өткізіліп, оған 210 мың адам қамтылған. 7,6 мыңнан астам жас кеңес алған, оның 5 мыңы жұмысқа орналасуға, 2,6 мыңы психологиялық және заңгерлік көмекке қатысты болған. Комьюнити-орталықтар арқылы 1,2 мыңнан астам жас алматылық жұмыс тапқан.

Орталықтарда бағдарламалау, мобилография, шығармашылық бағыттар бойынша курстар, кәсіптік бағдар беру кездесулері мен жастар бастамалары өтеді.

2026 жылдың соңына дейін комьюнити-орталықтар санын 15-ке жеткізу жоспарланған. Сондай-ақ қызмет көрсету аясын 700 мың адамға дейін жеткізіп, кемінде 22 мың кеңес беру көзделген.

Дереккөз: Almaty.tv