...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы тұрғынынан 400-ден астам орама белгісіз зат алынды

Алматы полицейлері синтетикалық есірткіні сақтау және таратуға күдікті 40 жастағы ер адамды ұстады. Тінту кезінде 400-ден астам орама белгісіз зат алынды, оның шығу тегін сараптама анықтайды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Ұстау Алатау ауданында жүргізілді. Жеке қарау кезінде одан ондаған оралған пакеттер табылса, көлігінен тағы жүзге жуық осындай бума алынды.

«Тінту кезінде күдіктінің үйінен заттар, электронды таразы, орау материалдары және салмақтауға арналған басқа да заттар табылды», — делінген полиция хабарламасында.

Сонымен қатар, қала аумағындағы бес жасырын орыннан тағы үш жүзден астам орама зат алынып, сараптамаға жіберілді. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, заттардың шығу тегі мен тарату арналары анықталуда.

Дереккөз: Nur.kz