...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы тауында адасқан бес турист құтқарылды

Алматы тауында адасып қалған бес туристке көмек көрсетілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі ҚР ТЖМ-не сілтеме жасап.

ТЖМ құтқарушылары Алматы тауында Бүкреев шыңынан түсу кезінде адасып кеткен бес туристке көмек көрсетті. Оқиға Бутаков сарқырамасы ауданында екі мың метрден астам биіктікте болды. 2007 жылы туған жасөспірімдер маршруттан адасып, өз бетінше жол таба алмай, 112 нөміріне хабарласқан.

Оқиға орнына Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің қызметкерлері жедел жетіп, туристерді тауып, оларды «Бутакты» бақылау-құтқару бекетіне аман-есен жеткізді. Жасөспірімдердің ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады.

Дереккөз: Inalmaty.kz