Алматы тауында ТЖМ құтқарушылары Үлкен Алматы шыңына шыққаннан кейін байланысқа шықпай қалған екі жас туристі тауып, эвакуациялады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, 27 маусым күні таңертең 2003 және 2004 жылдары туған жасөспірімдер тауға аттанып, сол күні кешке қайтуы керек еді. Алайда белгіленген уақытта олар байланысқа шықпады, ал ұялы телефондары желі қамту аймағынан тыс жерде болды. Туристердің соңғы геолокациясы сағат 17:00 шамасында Үлкен Алматы шыңының солтүстік бөлігінде 3 680 метр биіктікте тіркелген.
Хабарламаны алғаннан кейін құтқарушылар дереу іздеуге шықты. Нәтижесінде туристерді тауып, таудан қауіпсіз түсірді. Содан кейін оларды экопостқа дейін алып барды.
Жасөспірімдерге медициналық көмек қажет болмады.
Дереккөз: Inalmaty.kz