Алматыда таудан түсу кезінде төрт турист адасып кетті, бірақ қалалық мониторинг және жедел ден қою орталығының құтқарушылары оларды тауып, Қотырбұлақ шатқалына дейін шығарып салды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Құтқарушылар туристерді шатқалға дейін алып келген соң, олар автомобиль жолына шықты. Дәрігерлік көмек қажет болған жоқ, сондықтан туристер үйлеріне өз бетінше қайтты.
Бұған дейін Алматы тауларында Оңтүстік Корея азаматын іздеу жалғасып жатқаны хабарланған. Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары таулы аймақты тексеріп, қиын жететін учаскелерге, беткейлер мен шатқалдарға ерекше назар аударуда.
