...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы тауларында қауіпті көлдерді бақылау үшін бекеттер орнатылды (видео)

Алматыда сел қауіпті кезеңде мореналық көлдердің жағдайын бақылау үшін биік таулы бекеттер орнатылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-арнасындағы мәліметке сәйкес, Алматыда «Қазселденқорғау» ММ-нің бес биік таулы бақылау бекеті жұмыс істей бастады. Олар келесі жерлерде орналасқан:

  • Үлкен Алматы өзенінің алабындағы №13-бис және №10 көлдерде;
  • Ақсай өзені алабындағы №8 және №9-10 көлдерде;
  • «Күмбел» гидробекетінде (жоғарғы ағыста).

«Маусымдық бекеттер гидрологиялық жағдайды тұрақты бақылауды, көлдердің жай-күйіндегі өзгерістерді уақтылы анықтауды және қауіп туындаған жағдайда ақпаратты жедел жеткізуді қамтамасыз етеді. Мореналық көлдерді бақылау сел қауіпті кезең аяқталғанша тәулік бойы жүргізіледі», — делінген министрлік хабарламасында.

Бұған дейін осындай биік таулы бекеттер Алматы облысында орнатылған болатын.

Дереккөз: Nur.kz