...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда кабель шахтасындағы өрт сөндірілді

Алматыдағы Әді Шәріпов көшесіндегі кабель шахтасында болған өрт оқшауланды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

ҚР ТЖМ мәліметінше, өрт Алмалы ауданындағы көпқабатты үйдің кабель шахтасында тіркелген. Өрт жоғарылатылған қызметтік шақыру деңгейімен сөндірілді.

Барлау барысында газтүтіннен қорғау қызметінің буындары адамдарды эвакуациялап, құтқару жұмыстарын жүргізді. Өрт көзін анықтау үшін құтқарушылар тепловизорларды қолданды.

— Оқиға орнында өртті жою бойынша жедел штаб құрылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт оқшауланды, — деп хабарлады ТЖМ.

Айта кетейік, Алматы облысының Бесағаш ауылында Тілендиев көшесіндегі мейрамхана ғимаратында өрт болған еді.

Бұған дейін Қазақстанда екі орман өрті тіркелгені хабарланған болатын.