
Кешке қарай Құмбел шыңында, теңіз деңгейінен 3200 метрден астам биіктікте оқыс оқиға болғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі 112-ге сілтеме жасап.
2009 жылы туған екі жас жігіт шыңға шығу кезінде өздігінен түсе алмай қалған. Олармен байланыс болмаған, орналасқан жері анықталмаған.
Іздеу-құтқару жұмыстарына Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің қызметкерлері дереу кірісті. Таулы жердің күрделі рельефі мен түнгі уақытқа қарамастан, операция сәтті аяқталды.
Дүйсенбі күні таңертең құтқарушылар жас жігіттерді эко-бекетке аман-есен түсіріп, оларды ата-аналары күтіп тұрды.
Құтқарылғандар медициналық көмекке мұқтаж болмады.
Дереккөз: Almaty.tv