...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы – Тараз тасжолында жөндеуге байланысты қозғалыс уақытша шектеледі

7 тамыздан бастап Жамбыл облысында «Алматы – Тараз (Жаңа Қордай асуы)» автожолының учаскесінде қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, Жамбыл облысында «Алматы – Тараз (Жаңа Қордай асуы)» автожолының 159–238 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты 2026 жылдың 7 тамызынан бастап жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін күн сайын сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін Тараз қаласы бағытында көлік құралдарының қозғалысы уақытша шектеледі.

Жөндеу жұмыстары кезеңінде Алматы қаласынан Тараз қаласы бағытындағы автокөлік қозғалысы «Отар – Қордай – Қайнар» (Ескі Қордай асуы) автожолы арқылы баламалы бағытпен ұйымдастырылады.

Мамандар жүргізушілерден маршрутты алдын ала жоспарлауды, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды, белгіленген жылдамдық режимін ұстануды және жол жұмыстары жүргізілетін аймақта барынша мұқият болуды сұрайды. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, — делінген хабарламада.

Бұған дейін Хоргос – Алматы бағытында қозғалыс 8 тамызда шектелетіні хабарланған еді.

Дереккөз: Inform.kz