
Түркістан – Шиелі учаскесінде Алматы-2 – Саратов бағытындағы жолаушылар пойызының машинисі теміржол жолында қалған бес жасар баланы қағып кетуден сақтап қалды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Оқиға 20 маусымда сағат 15:08-де Шорнақ станциясы маңында болды. Алматы-2 – Саратов бағытындағы №7/8 жолаушылар пойызының машинисі жолда бес жасар баланы байқап, шұғыл тежеу жасады.
ҚТЖ мәліметінше, пойыз 70 км/сағ жылдамдықпен қозғалған. Локомотив бригадасының жедел әрекетінің арқасында қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болды. Пойыздың кешігуі небәрі төрт минутты құрады.
Аталған теміржол учаскесі қоршаумен жабдықталған. Бала ересектердің қарауынсыз қауіпті аймақта болған.
ҚТЖ-да локомотив бригадасының кәсібилігі мен сергектігінің арқасында бақытсыздықтың алдын алынғанын атап өтті.
Дереккөз: Inalmaty.kz