...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы–Өскемен трассасында жол жөндеуге байланысты уақытша шектеу енгізілді

Жетісу облысында Алматы–Өскемен трассасының 213–234 шақырым аралығында жол жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалыс схемасы өзгерді. Шектеулер 28 сәуірден бастап енгізілген, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жетісу облысы полиция департаментінің мәліметінше, Алматы–Талдықорған бағытындағы қозғалыс әдеттегідей жүріп жатыр. Ал Талдықорғаннан Алматыға бет алған жүргізушілер үшін Мукыр ауылы арқылы өтетін 27 шақырымдық айналма жол ұйымдастырылған.

Бұл шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізу үшін қабылданды. Полиция жүргізушілерді маршруттарын алдын ала жоспарлап, жол ережелерін сақтап, уақытша өзгерістерді ескеруге шақырады. Шектеулер жөндеу жұмыстары аяқталғанша күшінде болады.

Дереккөз: Inalmaty.kz