...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматы орталығындағы университет аумағында ірі өрт болды

Алматының орталығында орналасқан университет аумағында ірі өрт шықты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде Сатпаев көшесінде төтенше қызмет көліктерінің көп жиналғанын көрсететін бейнежазба тарады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) баспасөз қызметі сол ауданда өрттің шынымен болғанын растады. Шақырту 05:46-да түскен.

Карталарға қарағанда, өрт Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің аумағындағы ғимараттардың бірінде болған.

15 қарашада Алматыда №2 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің (СДЮШОР) жеңіл атлетика манежі өртенген болатын.