...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы – Өскемен тасжолында үш көлік соқтығысты

Жетісу облысының полиция департаментінің мәліметінше, Алматы – Өскемен автожолының 474-шақырымында үш көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Полицияның алдын ала ақпараты бойынша, Kia Sportage жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Toyota Highlander-мен соқтығысқан. Одан кейін бағыттас келе жатқан Lexus көлігімен тағы бір соқтығыс тіркелді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері, ТЖМ құтқарушылары және жедел жәрдем бригадалары жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер саны нақтылануда, дәрігерлер қажетті көмек көрсетуде. Апат фактісі бойынша тексеру жүргізіліп, нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады.

Дереккөз: Inalmaty.kz