
Алматы облысында жолаушылар автобусы мен жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Полиция мәліметінше, автобус жүргізушісі бұрылыс жасау кезінде қарсы бағытта келе жатқан көлікке жол бермеген, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Оқиға 26 мамырда сағат 18:00 шамасында Алматы – Көкпек – Көктал трассасының 14-ші шақырымының 800-ші метрінде тіркелді. Анықталғандай, SAZ маркалы автобус жүргізушісі реттелетін қиылыста солға бұрылу кезінде қарсы бағытта келе жатқан КАМАЗ жүк көлігіне жол бермеген.
Жол қозғалысы ережесін бұзу салдарынан екі көлік соқтығысып, автобус пен жүк көлігі механикалық зақым алды. Полицияның хабарлауынша, автобус жолаушыларына алғашқы медициналық көмек көрсетілген.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, — деді облыстық полиция департаментінің өкілдері.
Дереккөз: Inalmaty.kz