Үздік жас спортшылар юниорлық Гран-при кезеңдеріне жолдама үшін бақ сынайды. Ертең Алматыда фигуралық тебу бойынша жазғы Қазақстан чемпионаты басталады. Қатысушылар көктемнен бері дайындалып келеді. Жас фигуристер үшін бұл турнир жаңа деңгейге шығу мүмкіндігі болады. Кәсіби қазылар алқасы анықтайтын үздік спортшылар Гран-при кезеңдеріне жолдама алады. Жарыстар «Алматы Арена» кешенінде өтеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
«Бұл чемпионатқа юниорлар келеді, ұлдар, қыздар, спорттық жұп және би жұбы болады. Бұл чемпионат бізге тамыз, қыркүйек және қазан айларында басталатын юниорлық Гран-приге кім баратынын анықтау үшін қажет», — деді Қазақстанның фигуралық тебуден еңбек сіңірген жаттықтырушысы Айгүл Қуанышева.
Дереккөз: Almaty.tv