Алматыдағы «Райымбек» метро станциясында тексеру кезінде полиция және көлік қауіпсіздігі қызметкерлері жолаушылардың бірінің сөмкесінен пышақ пен қол кісенді анықтады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Күдікті жүк рентгенотеледидарлық қондырғының көмегімен анықталған. Заттар табылғаннан кейін ер адам ұсталып, одан әрі тергеу үшін Жетісу ауданы полиция басқармасының қызметкерлеріне тапсырылды.
Қазіргі уақытта осы факті бойынша тексеру жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, ұсталған адамның әрекеттеріне құқықтық баға беруде, — делінген Алматы қалалық полиция департаментінің хабарламасында.
Бұған дейін Алматыда екі ер адам арасындағы жанжал пышақтаумен аяқталған болатын.
Дереккөз: Inform.kz