...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы метросына бөлінген 127 млн теңге мемлекетке қайтарылды

Алматы метрополитенінің қызметкерлері мен мердігерлер ұйымдастырған ірі көлемдегі қаражат жымқыру схемасы ашылды. Сот үкімімен кінәлілерге ұзақ мерзімді бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, мүліктері тәркіленді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Тергеу деректері бойынша, «Метрополитен» КМК лауазымды тұлғалары мердігер ұйымдардың өкілдерімен алдын ала сөз байласып, қаражатты жымқыру схемасын ұйымдастырған. Мемлекетке келтірілген залал ерекше ірі деп танылды.

Алмалы аудандық соты кәсіпорын қызметкерлері мен мердігерлерді қоса алғанда 10 адамды кінәлі деп тауып, оларға ұзақ мерзімді бас бостандығынан айыру жазасын және мүлікті тәркілеуді тағайындады. Сондай-ақ сот келтірілген залалды бірлесіп өндіру туралы шешім қабылдады.

Кейін кассациялық қарау барысында жымқырылған қаражаттың бір бөлігі — 127 млн теңге — заңды тұлғалардың бірінің шотында жатқаны анықталды. Прокуратураның наразылығы бойынша сот актілері өзгертіліп, бұл ақша мемлекет кірісіне қайтарылды.

Бас прокуратура бұл іс бюджет қаражатын жымқырғаны үшін жазаның бұлтартпастығын көрсететінін, ал қаржылық процестердің барлық қатысушылары заңды қатаң сақтап, жеке жауапкершілікте болуға міндетті екенін атап өтті.

Бұған дейін Өскемен әуежайының бұрынғы басшылығы 120 млн теңгеден астам қаражатты жымқырғаны үшін сотталғаны хабарланған болатын.

Дереккөз: Inform.kz