...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы мен тағы үш қалада ауаның ластануы күтіледі: «Қазгидромет» ескертуі

16 мамырда Алматы, Қарағанды, Теміртау қалаларында, ал түнде Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – бұл атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автокөлік жолдары мен басқа да ластану көздерінің жанында болу уақытын қысқарту ұсынылады. Ал өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық созылмалы аурулары бар адамдарға ашық ауада қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру керек.

Бұған дейін Қазақстанда ауаның ластануын бақылауды күшейту ұсынылған еді.

Дереккөз: Zakon.kz