Алматы – Сиань – Алматы бағыты бойынша алғашқы рейс орындалды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Мегаполис туризм басқармасының мәліметінше, тұрақты рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері – Airbus A320 әуе кемелерімен орындалатын болады.
Жаңа бағыттың ашылуы Қазақстан мен Қытай арасындағы маршруттық желіні кеңейтіп, туристік, іскерлік және мәдени алмасу үшін қосымша мүмкіндіктер жасайды.
Сиань – Шэньси провинциясының әкімшілік орталығы және Қытайдың ірі көлік тораптарының бірі. Дамыған ішкі әуе желілері мен жылдам теміржолдар жолаушыларға Пекин, Шанхай, Чэнду, Гуанчжоу және елдің басқа да қалаларына сапарларын жалғастыруға мүмкіндік береді.
Жаңа маршрут Алматының Орталық Азиядағы негізгі әуе тораптарының бірі ретіндегі рөлін күшейтеді. Оңтүстік астана арқылы Қытайдан келген жолаушыларға Астана, Шымкент, Қарағанды, Семей, Түркістан, Орал және Қазақстанның басқа да қалаларына ыңғайлы стыковкалық рейстер қолжетімді.
2026 жылғы қаңтар – мамыр қорытындысы бойынша Алматы әлемнің 53 қаласымен тікелей әуе қатынасымен байланысқан. Сианьға рейстің іске қосылуымен Алматы мен Қытай қалалары арасындағы тікелей әуе маршруттарының географиясы кеңейе береді. Бүгінде Алматыдан Пекин, Шанхай, Гуанчжоу, Чэнду, Үрімжі, Құлжа (Инин), Ханчжоу және Санья қалаларына тікелей рейстер орындалады.
Дереккөз: Almaty.tv