...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы мен Өскеменде қолайсыз метеожағдайлар болады: синоптиктер ескертеді

Алматы мен Өскемен қалалары қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың ықпалында қалады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК сайтынан белгілі болды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – бұл атмосфералық ауаның жер бетіндегі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автокөлік жолдарының немесе ластану көздерінің жанында болу уақытын қысқарту ұсынылады. Ал өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдарға ашық ауада жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру керек.

Бұған дейін Қазақстанның 16 облысында 2026 жылғы 14 тамызға синоптиктер дауылды ескерту жариялағаны хабарланған болатын. Елдің қай аймақтарында найзағайлы жаңбыр мен қатты ыстық күтілетінін сілтемеден білуге болады.