...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы метросы қалпына келтірілді: электрмен жабдықтау қайта іске қосылды

Алматы метрополитены қаладағы электр энергиясының уақытша өшірілуіне байланысты тоқтаған жұмысын қайта жалғастырды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Әкімдіктің мәліметінше, қазіргі уақытта электрмен жабдықтау толық қалпына келтіріліп, Алматы метросы қайта жұмыс істеп тұр.

Метрополитен жұмысы қайта жанданды. Электропоездардың қозғалысы штаттық режимде жүзеге асырылуда, — делінген хабарламада.

Жолаушыларға уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, түсіністік танытқандары үшін алғыс білдірді.

Бұған дейін Алматыда сыртқы электрмен жабдықтаудың толық өшірілуіне байланысты бүгін сағат 15:11-де метрополитен жұмысы уақытша тоқтатылғаны хабарланған болатын.

Еске салайық, бүгін Алматы қаласы мен Алматы облысында ауқымды блэкаут болды. Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, себеп — Орталық Азия энергожүйесі тарапынан электр энергиясы ағынының күрт өзгеруінен туындаған қуаттың артуы. Нәтижесінде аварияға қарсы автоматтандыру іске қосылып, ҚР кейбір аймақтарында бірқатар тұтынушылар электр энергиясынан ажыратылды.

Сондай-ақ, Алматы полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшкені туралы хабарланған болатын.