Алматы мен облысты байланыстыратын №237 бағыттағы автобустың қозғалыс схемасы өзгереді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Жаңа схема бойынша автобус солтүстік бағытта Сулусай көшесі – Достық көшесі – Ұлан ауылы арқылы өтетін жол – М-36 тас жолы – көпірден түсу – Сорбұлақ трактісі – Шобалов көшесі арқылы жүреді, содан кейін белгіленген схемамен жалғасады.
Кері бағытта автобус Шобалов көшесі – Сорбұлақ трактісі – көпірге кіру – М-36 тас жолы – Достық көшесі – Сулусай көшесі бағытымен қозғалады, одан әрі схема бойынша жүреді.
Бұған дейін Алматыда автобустар кестесінің өзгеруі түсіндіріліп, жолаушыларға ескерту жасалғаны хабарланған болатын.
