...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматы маңындағы тауларда жоғалған жасөспірім табылды

Алматыдағы Үлкен Алматы көлінің маңында, теңіз деңгейінен 2510 метр биіктікте жоғалып кеткен 2010 жылы туған жасөспірімді құтқарушылар таудан тапты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматы қаласының Мониторинг және жедел ден қою орталығының құтқарушылары Бостандық ауданында іздестіру жұмыстарын жүргізді. Ведомствоның мәліметінше, жасөспірім көзілдірік сатып алу үшін Қонаевтағы үйінен автобуспен өз бетінше шығып, ересектердің еріп жүруінсіз қалаға барған, бірақ кейін үйіне оралмаған.

Іздестіру шаралары барысында құтқарушылар жасөспірімді «Озерная» шатқалынан тапты. Онымен бірге оның екі досы болған.

«Құтқарушылар жасөспірімдерді таулы жерден түсіруді ұйымдастырды. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Түсірілгеннен кейін кәмелетке толмағандар полиция қызметкерлеріне тапсырылды», — деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.