Алматы әкімдігінде 2026 жылғы 30 қазанда қыркүйек айы бойынша мониторингтің аралық қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Пилоттық жоба автокөліктердің жай-күйі туралы деректер жинауға, мәселенің ауқымын бағалауға және зиянды шығарындыларды азайтудың одан арғы тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жоба әзірге пилоттық режимде жалғасып отыр. Алынған деректер одан әрі талдау жүргізуге және шешімдер әзірлеуге пайдаланылады.
Алматыда 2026 жылдың сәуір айынан бастап төмен шығарындылар аймағы (LEZ) пилоттық режимде жұмыс істеп келеді. Аймақтың негізгі міндеті — шығарындылары жоғары көліктерді анықтап, Алматыдағы ауаның ластануын біртіндеп төмендету. Бұл ретте LEZ аймағы үшін автомобильдің шығарылған жылы емес, оның нақты жай-күйі мен шығарындылар деңгейі маңызды.
