2026 жылғы 16 шілдеде Алматыда, ал түнде Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі. Тұрғындарға қозғалысты жоспарлау кезінде ауа райы факторларын ескеру ұсынылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қолайсыз метеожағдайлар — бұл жер бетіне жақын атмосфералық ауа қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ пайда болған кезде елді мекендерде атмосфералық ауа сапасының нашарлауы мүмкін, бұл адам денсаулығына әсер етеді.
Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі — синоптикалық жағдайдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.
Қолайсыз метеожағдайлар кезінде мыналар ұсынылады:
- өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдарға ашық ауада болған кезде қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру қажет;
- ашық ауадағы физикалық жүктемені шектеу. Дене шынықтыру және спортпен жабық спорт кешендерінде айналысу керек.
Бұған дейін 16 шілдеге бүкіл Қазақстан бойынша дауылды ескерту жарияланған болатын.
Дереккөз: Inform.kz