4 қазанда Алматыда, түнде Атырауда ауа райының қолайсыз жағдайлары күтіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі. Бұған дейін синоптиктер 3 қазанға да осындай ескерту жариялаған болатын.
Ауа райының қолайсыз жағдайлары (АРҚЖ) – бұл қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесімі, олар атмосфераның жер беті қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал етеді.
Сондай-ақ «Қазгидромет» 4 қазанға дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер Шымкентте, Алматы тауларында және ҚР барлық 17 облысында қауіпті ауа райы құбылыстары туралы ескертті.
