...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы автобустарындағы жол ақысы неден құралады: 120 теңге тек отын емес

Алматыда автобусқа бір реттік жол ақысы 120 теңгені құрайды, алайда бұл сома тек отын шығынын ғана емес, көлік құралдарын ұстау мен тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге қажетті басқа да шығындарды қамтиды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Мамандардың айтуынша, жол жүру құны жолаушыны бір нүктеден екіншісіне жеткізу бағасымен шектелмейді. Қоғамдық көліктің тұрақты жұмысын ұстап тұру үшін айтарлықтай қаржы қажет.

«Соңғы жылдары отын мен қосалқы бөлшектердің бағасы айтарлықтай өсті. Бұл шығындардың басым бөлігін мемлекет өз мойнына алады. Нәтижесінде автобус парктері тұрақты жұмысын жалғастырып отыр», – делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта жол ақысын төлеуден жалтарып, қоғамдық көлікті тегін пайдаланатын жолаушылар саны артып келеді.

Қала тұрғындарына жолдау соңында жол ақысын уақытылы төлеуге шақырады.

Айта кету керек, Алматыда қоғамдық көлікте қолма-қол ақшамен төлеу толығымен алынып тасталған. Төлемді электрондық көлік картасы, мобильді қосымша немесе SMS арқылы жасауға болады.

Бұған дейін хабарланғандай, Алматыда 2026 жылғы 10 қыркүйектен бастап №111, №10, №10А және №22 автобустардың қозғалыс схемалары уақытша өзгертіледі.