
ҚР ІІМ қызметкерлері Алматы облысы Қарасай ауданындағы жеке үйде орналасқан құпия есірткі зертханасының жұмысын тоқтатты. Полиция мәліметінше, тәркіленген заттар заңсыз айналымға түспеген, деп хабарлайды Polisia.kz., деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Полиция мәліметінше, 29 жастағы ер адам жеке үйді сатып алып, оны синтетикалық есірткі өндіруге жабдықтаған. Жабдық пен химиялық реагенттерді жеткізу, сондай-ақ тыйым салынған заттарды дайындау процесі интернеттің көлеңкелі сегменті арқылы үйлестірілген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары мен кейінгі тінту барысында 28 келіден астам α-PVP синтетикалық есірткісі, шамамен 880 литр прекурсорлар, сондай-ақ арнайы зертханалық жабдық тәркіленді. Табылған партия зертханада алғаш рет өндірілген және шамамен 125 мың бір реттік дозаға тең. Полицияның арқасында есірткі заңсыз айналымға түспеген.
Осы факті бойынша ҚР ҚК 297-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Санкция өмір бойы бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны көздейді.
Дереккөз: Inalmaty.kz