...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылды

Алматыда 15-20 маусым аралығында Шемякин көшесінің бір бөлігінде жол жүру шектелді. Бұл шектеу жол төсеміне орташа жөндеу жүргізуге байланысты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, көлік қозғалысы 15 маусым сағат 7:00-ден 20 маусым сағат 22:00-ге дейін Рысқұлов даңғылынан Хмельницкий көшесіне дейінгі аралықта толығымен жабылады. Жөндеу жұмыстары жүргізілетін учаскеде ескерту жол белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген ақпараттық стендтер орнатылады.

Жүргізушілер сапарларын жоспарлау кезінде өзгерістерді ескеріп, айналма жолдарды алдын ала таңдауға шақырылады.

Дереккөз: Inalmaty.kz