Алматы хайуанаттар бағында түнде өрт болып, ол фотосалоннан басталған. Әкімшілік оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Хайуанаттар бағының әкімшілігі Instagram-дағы парақшасында төтенше жағдай туралы хабарлады. Өрт түнгі 00:30-дан кейін басталған. Ол фотосалон бутигінде және оның жанындағы экскурсиялық гольф-кәріптерде (олар жалға алушыға тиесілі) болған.
«Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің бөлімшелері жедел жетті. Олардың үйлесімді жұмысының арқасында өрт тез арада оқшауланып, толық сөндірілді. Қазіргі уақытта өрттің себептерін уәкілетті органдар анықтап жатыр. Хайуанаттар бағының мүлкі зардап шеккен жоқ. Қызметкерлер мен жануарлар арасында зардап шеккендер жоқ», — делінген әкімшілік хабарламасында.
Оқиғаға қарамастан, бүгін хайуанаттар бағы әдеттегі режимде жұмыс істеп, келушілер үшін ашық.
Дереккөз: Nur.kz
