...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматы – Хоргос трассасында орташа жылдамдықты бақылау енгізіледі

Алматы – Хоргос бағытында және тағы екі республикалық тасжолда орташа жылдамдықты бақылайтын жүйе іске қосылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, орташа жылдамдықты бақылау жүйесі үш республикалық тасжолдағы алты аймақта жұмыс істей бастайды.

Бірінші бағыт — Алматы – Хоргос (жаңартылған), екіншісі — Қарағанды – Бұрылбайтал.

Жүйенің басты ерекшелігі — жылдамдық камера орнатылған нүктеде ғана емес, бүкіл аймақ бойына бақыланады.

Бұл жүйе Қазақстанның республикалық тасжолдарында 2025 жылғы 17 наурыздан бастап жұмыс істеп келеді.

Аймақтар мен рұқсат етілген жылдамдықтар:

• Ұйғыр – Панфилов аймағы – 50+832 км, рұқсат етілген жылдамдық 120 км/сағ.

• Шұбартөбе – Гүлшат аймағы – 42+158 км, рұқсат етілген жылдамдық 140 км/сағ.

• Гүлшат – Тасарал аймағы – 42+550 км, рұқсат етілген жылдамдық 140 км/сағ.

• Ақжарма – Ақжар аймағы – 48+239 км, рұқсат етілген жылдамдық 100 км/сағ.

• Ақжар – 103-ші разъезд аймағы – 122+421 км, рұқсат етілген жылдамдық 100 км/сағ.

• 103-ші разъезд – Әйтеке би аймағы – 95+871 км, рұқсат етілген жылдамдық 100 км/сағ.