...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы білім басқармасына Сәкен Аралбаев тағайындалды

Алматы қаласы білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды. Ол бұған дейін қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Сәкен Аралбаев Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «шығыстану» және «тарих» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы Алматы қалалық ақпараттық-талдау орталығының сарапшысы ретінде бастаған.

Әр жылдары қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында, сондай-ақ Медеу ауданы әкімі аппаратында бас маман, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, әлеуметтік сала бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

2024 жылдан 2025 жылға дейін Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің орынбасары болған.

2025 жылғы желтоқсаннан осы тағайындауға дейін Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Мемлекеттік қызметтегі жалпы өтілі 15 жылдан асады.

Бұған дейін Алматы қаласы құрылыс басқармасының басшысы болып Нұрбол Нұрсағатов тағайындалған еді.

Дереккөз: Inform.kz