
Алматы халықаралық әуежайының ішкі рейстер ұшу аймағында желдету жүйесінің элементі ішінара ажырап кетті. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Оқиға инженерлік жүйелерді монтаждау жұмыстары кезінде болды. Әуежайдың мәліметінше, иілгіш желдету гофрасы төбе деңгейінен төмен түскен кезде түйіскен жерінен ажырап, сақтандыру арқандарында ілініп қалған.
Құрылым алдын ала бекітілгені, жұмыстар жоспарлы инфрақұрылымды жаңғырту аясында кезең-кезеңімен жүргізілгені атап өтілді.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Желдету құбырының барлық элементтері жедел түрде бөлшектелді, орынға қосымша қауіпсіздік шаралары қабылданды.
Әуежай жағдайдың бақылауда екенін, әуежайдың штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын атап өтті. Жолаушыларға уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұралды.
Дереккөз: Inalmaty.kz