Іле-Алатау ұлттық паркінің таулы аудандарында, оның ішінде Медеу және Бостандық аудандарының аумағында қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай болжанып отыр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің болжамынша, жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа қарай бағытын өзгертеді, кей жерлерде екпіні секундына 15 метрге жетуі мүмкін.
Алматы қалалық ТЖД тұрғындар мен қала қонақтарын сақтық шараларын сақтауға, мүмкіндігінше ағаштардың, электр желілерінің және тұрақсыз құрылыстардың астында болмауға шақырды.
Дереккөз: Zakon.kz
