...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы әуежайында 23 жастағы әйелдің чемоданынан 9 кг-ға жуық гашиш майы табылды

Алматыда 23 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны 16 жылға сотталды. Оның Бангкоктан келген багажында 8 килограмм 879 грамм гашиш майы табылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Оқиға 2025 жылдың желтоқсанында Алматы халықаралық әуежайында болды. Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері Бангкок-Алматы рейсімен келген 23 жастағы жолаушыны ұстады.

Багажды тексеру кезінде полицейлер чемоданнан гашиш майын анықтады. Алынған есірткі затының жалпы салмағы 8 килограмм 879 грамм болды.

Тергеу барысында әйел ақшалай сыйақы үшін есірткіні Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз тасымалдауға, сондай-ақ аса ірі мөлшерде сақтауға және жөнелтуге келіскені анықталды, — делінген хабарламада.

Алматы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот оны кінәлі деп тауып, 16 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Көлік полициясы департаменті есірткінің заңсыз айналымы, тасымалдауы, сақтауы және сатуы қатаң қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

Дереккөз: Nur.kz