Алматы-1 вокзалын ауқымды жаңғырту жұмыстары бүгінде 80%-ға жуық орындалды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Көлік басқармасының ресми парақшасында жарияланған ақпаратта айтылған. 2026 жылғы 15 қыркүйектегі мәліметке сәйкес, нысанда күн сайын 500-ден астам жұмысшы еңбек етіп жүр.
Қазіргі үш қабатты вокзал ғимараты 1976 жылы салынып, пайдалануға берілген. Алғашқы уақытша станция осы жерде 1929 жылы пайда болған. Ғимаратты жаңғыртуға бағытталған ауқымды жұмыстар 2025 жылдың наурызында басталды. Бұған дейін нысан 2007 жылы күрделі жөндеуден өткен болатын.
Вокзалдың жаңғыртудан кейінгі келбеті Көлік министрлігінің баспасөз қызметі тарапынан 2026 жылғы 18 ақпанда көрсетілген еді.
