...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алатау ауданында 550 орындық заманауи мектеп ашылады: зертханалар, робототехника және медиатека

Алматы қаласы Алатау ауданының Зерделі шағын ауданында 550 орындық жаңа мектеп құрылысы аяқталуға жақын. Оқу орнын жаңа оқу жылының басында ашу жоспарланған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Үш қабатты мектептің жалпы ауданы 7,4 мың шаршы метрді құрайды. Бұл білім ордасы 5-11 сынып оқушыларына арналған. Әр сыныпта 25 баладан артық оқымайды. Қала құрылыс басқармасының бас маманы Ербол Үсмановтың айтуынша, қазір нысанда іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізіліп, кішігірім кемшіліктер жойылуда. Құрылыс-монтаж жұмыстарын бір ай ішінде толық аяқтау жоспарланған.

Мектепте 22 оқу кабинеті, оның ішінде физика, химия және биология зертханалары, мультимедиялық кабинет, екі компьютер сыныбы және робототехника кабинеттері қарастырылған. Сондай-ақ ғимаратта спорт залы, 162 орындық акт залы, кітапхана мен оқу залы, медиатека және 12 мың дана оқулыққа арналған қойма орналасады.

Бірінші қабатта 229 орындық асхана, барлық параллель оқушыларына арналған киім ілгіштер, әкімшілік бөлмелер және оқу шеберханалары жабдықталады.

Мектеп аумағы 2,3 гектарды алып жатыр. Мұнда спорт және ойын алаңдары жабдықталып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілген.

Дереккөз: Inalmaty.kz