...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

885 отбасы Алматыда пәтер кілтін алады

Коммуналдық тұрғын үй қорынан бірінші кезең аясында 885 отбасы баспана алады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жаңа қоныс иелеріне сөйлеген сөзінде Дархан Сатыбалды азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басты басымдықтарының бірі болып қала беретінін атап өтті.

Оның айтуынша, бүгінгі кезең алматылықтарды баспанамен қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыстың басы болды. Бірінші кезеңде 885 пәтер берілгеннен кейін екінші кезеңде тағы 1832 пәтер, үшіншіде – 670 және төртіншіде – 6161 пәтер беру жоспарлануда. Осылайша, жыл соңына дейін мыңдаған алматылық отбасы тұрғын үй мәселесін шеше алады.

2026 жылы жалдамалы баспанамен 8250 азаматты қамтамасыз ету жоспарланса, 1298 адам жеңілдікті несие бағдарламалары бойынша пәтер сатып ала алады, ал кемінде 1650 жас маман «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша өз баспанасының иесі атанады.

Сонымен қатар, қалада мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары жалғасуда. Әлеуметтік осал санаттағы азаматтар үшін ипотекалық несие рәсімдеу кезінде бастапқы жарнаның бір бөлігін өтейтін тұрғын үй сертификаттары қарастырылған. Ағымдағы жылы осындай 200 сертификат беру жоспарлануда.

Сондай-ақ, баспана жалдайтын азаматтар үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау тетігі сақталады. Бұл шара мұқтаж отбасылардың қаржылық жүктемесін азайтуға және баспананың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Дереккөз: Zakon.kz