...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Қоғам

6-8 тамызда Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болады

6-8 тамыз аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы жаңбырлы әрі найзағайлы болады деп күтілуде, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» мамандарының болжамы бойынша, Астанада 6 тамызда түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел секундына 9-14 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы +13+15°С, күндіз +26+28°С болады. 7 тамызда жауын-шашынсыз, ауа температурасы өзгермейді. 8 тамызда түнде +11+13°С, күндіз +28+30°С.

Алматыда 6 тамызда қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел секундына 13 метрге дейін күшейеді. Түнде +17+19°С, күндіз +29+31°С. 7 тамызда жауын-шашынсыз, түнде +15+17°С, күндіз +31+33°С. 8 тамызда күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел секундына 3-8 метр. Түнде +16+18°С, күндіз +31+33°С.

Шымкентте 6 тамызда жауын-шашынсыз, жел секундына 13 метрге дейін жетеді. Түнде +18+20°С, күндіз +32+34°С. 7 тамызда жауын-шашынсыз, жел секундына 8-13 метр. Түнде +20+22°С, күндіз +34+36°С. 8 тамызда күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Түнде +22+24°С, күндіз +36+38°С.

Дереккөз: Zakon.kz