6-8 қыркүйек аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы құрғақ әрі ыстық болады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Астанада 6 қыркүйекте ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +28…+30°C болса, 7 қыркүйекте түнде +12…+14°C, күндіз +29…+31°C, ал 8 қыркүйекте түнде +14…+16°C, күндіз +29…+31°C болады. Жел 3-8 м/с, кейін 5-10 м/с, 8 қыркүйекте 9-14 м/с жетеді.
Алматыда 6 қыркүйекте түнде +11…+13°C, күндіз +25…+27°C, 7 қыркүйекте түнде +12…+14°C, күндіз +27…+29°C, 8 қыркүйекте түнде +15…+17°C, күндіз +29…+31°C болады. Жел 3-8 м/с.
Шымкентте 6 қыркүйекте түнде +16…+18°C, күндіз +31…+33°C, 7 қыркүйекте түнде +18…+20°C, күндіз +33…+35°C, 8 қыркүйекте түнде +18…+20°C, күндіз +34…+36°C болады. Жел 8-13 м/с.
Барлық қалаларда ауа райы айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады.
Бұған дейін «Қазгидромет» Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарын ауа сапасының нашарлауы туралы ескерткен болатын.
