Алматы әуежайының баспасөз қызметі 2026 жылғы 5 қыркүйекте негізгі кіреберістің екі бағытта да – кіру және шығу үшін ашылғанын хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қозғалыс үшін 11 жолақ қолжетімді. Оның 4-і – кіруге, 7-сі – шығуға арналған.
«Ақсұңқар» қонақ үйінің жанындағы екі кіреберіс тек екінші қабатқа, T1 және T2 ұшу аймақтарына өту үшін пайдаланылады.
Бұған дейін Алматы – Ақтау рейсінің жолаушылары егде жастағы ер адамның әзілі салдарынан рейстен шығарылған болатын.
