...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Спорт

Зангар Нурланұлы Almaty Open-тегі дебютінде чех теннисшісіне есе жіберді

Қазақстандық теннисші Зангар Нурланұлы Алматыда өтіп жатқан ATP 250 хард турниріндегі алғашқы матчында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жастар арасындағы елдің бірінші ракеткасы ATP рейтингінде 1308-орында тұр. Almaty Open негізгі сеткасына ол wild card, яғни ұйымдастырушылардың арнайы шақыртуы арқылы қатысты.

Бірінші айналымда Нурланұлы әлемнің 72-ракеткасы чех Томаш Махачпен кездесті. Қазақстандық 2:6, 0:6 есебімен ұтылды.

Теннисшілер кортта 1 сағат 3 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Нурланұлы эйс жасамады, екі қосарланған қате жіберді және төрт брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды.

Махач екінші айналымда бесінші себілген ресейлік Карен Хачановпен кездеседі.

Бұған дейін Нурланұлы жұптық разрядта Александр Бубликпен бірге бастады. Қазақстандық дуэт бірінші айналымда жеңіліс тапты.