...
... Алматы
USD
EUR
RUB

357 222 алматылық оқушы үшін оқу жылы аяқталды: 18 маусымда аттестат тапсырылады

Алматы мектептерінде 2023-2024 оқу жылы ресми аяқталды. 25 мамырда соңғы қоңырау 357 222 оқушы үшін соғылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Биыл 9-шы және 11-ші сыныптарды 50 953 оқушы бітірді. Оқу жылының аяқталуына орай мектептерде «Білімім — Отаныма» атты бірыңғай сынып сағаты өтті, ол патриотизмге, заңға құрметке және ұлттық құндылықтарға арналды. Одан кейін түлектер үшін салтанатты жиындар ұйымдастырылды.

Оқушыларға арналған қорытынды емтихандар мамыр айының соңында басталады. Аттестаттарды тапсыру Алматының барлық мектептері үшін бірыңғай күн — 18 маусымда өтеді.

Дереккөз: Inalmaty.kz