Синоптиктер 27-29 маусым аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында күтілетін ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Астана: 27 маусымда ауа температурасы түнде +19+21°С, күндіз +32+34°С, жаңбыр, найзағай, желдің екпіні 18 м/с жетеді. 28 маусымда түнде +20+22°С, күндіз +32+34°С, жаңбыр, найзағай, бұршақ, жел 9-14 м/с. 29 маусымда түнде +20+22°С, күндіз +27+29°С, жаңбыр, найзағай, бұршақ.
Алматы: 27 маусымда түнде +22+24°С, күндіз қатты ыстық +34+36°С, жауын-шашынсыз, желдің екпіні 13 м/с. 28 маусымда түнде +21+23°С, күндіз қатты ыстық +33+35°С, жауын-шашынсыз, жел 13 м/с. 29 маусымда түнде +23+25°С, күндіз қатты ыстық +35+37°С, жауын-шашынсыз, әлсіз жел.
Шымкент: 27 маусымда түнде +21+23°С, күндіз +36+38°С, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, желдің екпіні 15-20 м/с. 28 маусымда түнде +22+24°С, күндіз +37+39°С, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с. 29 маусымда түнде +22+24°С, күндіз +33+35°С, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, желдің екпіні 15-18 м/с.
Дереккөз: Zakon.kz