Алматыда 2026 жылдың басынан бері 14,3 мың жас жұмысқа орналасты. Оның 10,6 мыңы тұрақты жұмысқа, ал 3,7 мыңы уақытша жұмысқа орналасқан. Бұл туралы қалалық Жастар саясаты басқармасы хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Ведомствоның мәліметінше, Алматыда 14 пен 35 жас аралығындағы 769,4 мың жас тұрады. Бұл қала халқының 32%-ын құрайды. Оның 472,8 мыңы жұмыс істейтін жастар санатына жатады.
Сұранысқа ие мамандықтарға оқытуға ерекше көңіл бөлінуде. Жыл басынан бері 9,2 мыңнан астам жас оқудан өтті, оның 4,1 мыңға жуығы қазірдің өзінде жұмысқа орналасқан.
Тағы 1,1 мың жас «Жасыл ел» жобасы аясында жазғы кезеңде жұмысқа тартылған.
Сондай-ақ Алматыда NEET-жастардың үлесі 2025 жылдың қорытындысы бойынша 5,7%-дан 2026 жылдың бірінші тоқсанында 4,9%-ға дейін төмендеген. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,8%-ды құрады.
Жыл соңына дейін кемінде 22 мың жасты жұмысқа орналастыру және 12 мыңға жуық адамды оқыту мен кәсіптік даярлаумен қамту жоспарлануда.
Дереккөз: Almaty.tv