Метеорологтар қазақстандықтарды шілденің алғашқы күндерінде күтілетін ауа райы болжамымен таныстырды. Үш мегаполисте ауа температурасы мен жауын-шашын әртүрлі болады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматыда 1 шілдеде ауа температурасы түнде +14+16°C, күндіз +26+28°C болады. Айнымалы бұлттылық, уақытша жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ және дауыл күтіледі. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 2 шілдеде түнде +14+16°C, күндіз +24+26°C, желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. 3 шілдеде түнде +13+15°C, күндіз +24+26°C, желдің екпіні секундына 15-20 метр.
Астанада 1 шілдеде түнде +20+22°C, күндіз +27+29°C. Айнымалы бұлттылық, уақытша жаңбыр, найзағай, бұршақ, түнде қатты жаңбыр күтіледі. Желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. 2 шілдеде түнде +18+20°C, күндіз +27+29°C, жаңбыр, найзағай, күндіз уақытша қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, жел секундына 15-20 метр. 3 шілдеде түнде +16+18°C, күндіз +23+25°C, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, жел секундына 15 метр.
Шымкентте 1 шілдеде түнде +18+20°C, күндіз +32+34°C, жауын-шашынсыз, желдің екпіні секундына 15-20 метр. 2 шілдеде түнде +20+22°C, күндіз +28+30°C, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, күндіз шаңды дауыл, желдің екпіні секундына 23 метрге жетеді. 3 шілдеде түнде +16+18°C, күндіз +30+32°C, жауын-шашынсыз, жел секундына 8-13 метр.
Дереккөз: Zakon.kz