...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Жаңа такси көлігі Алматыда қатты апатқа ұшырады

Алматыда Төле би даңғылы мен Түркебаев көшесінің қиылысында жаңа такси көлігі қатты апатқа ұшырады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Төле би даңғылы мен Түркебаев көшесінің қиылысында болған.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді. Апат мән-жайы тіркеліп, көліктер арнайы айыппұл тұрағына жеткізілді.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның себептері мен барлық мән-жайлары анықталып жатыр. Қорытынды баға тексеру нәтижелері бойынша беріледі.

29 тамызда Алматыда ер адам электросамокатпен басқаруды жоғалтып, қаза тапқаны хабарланған.