Алматы метросында жолаушының сөмкесінен пышаққа ұқсайтын зат табылып, ер адам полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеуінше, оқиға «Абай» метро станциясында болған. Полицейлер тексеру қызметінің мамандарымен бірлесіп, сөмкесінде қауіпті болуы мүмкін зат бар жолаушыны анықтаған.
«Оқиға кешке болды. Багажды бақылаудан өткізу кезінде ер адамның жүгін рентген-теледидар қондырғысының көмегімен тексерді. Кейінгі жеке тінту барысында полицейлер пышаққа ұқсайтын зат тапты», — делінген полиция хабарламасында.
Ер адам одан әрі тексеру үшін Медеу ауданының полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
